Бастысы оқушылар мен ұстаздардың денсаулығы – Асхат Аймағамбетов

30 Наурыз 2021, 17:48
12078
Бөлісу:
Бастысы оқушылар мен ұстаздардың денсаулығы – Асхат Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің Facebook-те онлайн форматта өткен аппарат жиналысы кезінде оқу жылының төртінші тоқсанының басталу дайындығы пысықталды.

Ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов оқу процесі эпидахуалға байланысты ұйымдастырылатынын жеткізді.

Ең басты мәселе – оқушылар мен ұстаздардың денсаулығы. Осыны ойымыздан шығармауымыз керек. Сондықтан барлық санитарлық-гигиеналық шара мен нормалар сақталып, қажетті шаралар қабылдануы керек. Ол үшін мектептер барлық жағдаймен қамтамасыз етілуі тиіс. «Жасыл аймақтарда», «қызыл аймақтарда», «сары аймақтарда» оқу процесін ұйымдастырудың өзінің ерекшеліктері бар. Сол себепті жұмысты осы ерекшеліктерге сәйкес ұйымдастыру қажет, - деп түсіндірді министр жиналыста.

Аймағамбетов оқу форматы бойынша ата-аналарға, оқушыларға тиісті ақпаратты алдын ала жеткізу керек екеніне тоқталды.

Оқу жоспары, кесте, формат бойынша ақпаратты алдын ала жеткізу қажет. Сабақтың басталуына бір күн ғана уақыт қалды. Барлық мәлімет ата-аналарда болуы керек. Бұл мәселені бір апта бұрын айтқан болатынмын, - деді ол.

Министр ақпараттар ата-аналарға жеткізілді деп үміттенетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы