Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева презизденттің жолдауындағы отбасы құндылығы туралы ұсыныстарына пікір білдірді.
Бүгін мемлекет басшысы өз жолдауында отбасылық-демографиялық салада жаңа саясат басталғанын жариялады. Шынымен де, бұл саладағы қордаланған мәселелерді шешуге арналған. Бұған байланысты арнайы бағдарлама қабылдау оның тиімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, нақты іс-шараларды нақтылап, олардың нәтижелі болуына бақылау орнатады, - дейді Аида Балаева.Оның айтуынша, балалар мен олардың мүдделері және саулығы қазіргі жолдаудың негізгі объектілерінің біріне айналды.
Бұл мемлекеттің осы саладағы көкейтесті мәселелерді шешуге шындап кірісетінін көрсетеді. Бұл тек білім беру мәселелерімен шектелмейді. Сонымен қатар, балалардың физикалық және рухани саулығына да қатысы бар. Дәл осы отбасылық қатынастар саласындағы істердің ахуалы жауапты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жұмысының тиімділігін бағалауда басты индикаторлардың біріне айналуы тиіс, - дейді министр.