«Хабар» Агенттігіне қарасты 24KZ телеарнасының тікелей эфирінде Құрылтай депутаттығынан үміткер жеті партияның қатысуымен «Басты дебат – 2026» саяси жобасы басталды.
Бұл жолы пікірсайыс алаңында саяси ұйымдардың өкілдері емес, еліміздегі жеті партияның көшбасшылары қатысатынын атап өткен жөн: «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрайымы Дания Еспаева, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов, «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов, Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов, Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров және Baytaq партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев.
Дебат алдындағы блок сағат 19:00-де арнайы превью-бағдарламамен басталды.
Оның аясында барлық партияның сайлау алдындағы штабтарынан тікелей қосылымдар жасалып, саяси сарапшылармен сұхбат жүргізілді, сондай-ақ АҚШ, Қытай және БАӘ елдерімен халықаралық телекөпірлер ұйымдастырылды.
Бұл - 20:00-ге белгіленген елдегі басты дебаттың алдындағы ауқымды кіріспе бөлім. Кез келген ашық пікірталастағы ең басты мәселе – тараптарға тең жағдайдың жасалуы.
Осы орайда қатысушылардың сөз сөйлеу кезегі жеребе арқылы басты дебатқа бір күн қалғанда, яғни 18 тамыз күнгі 10:00-де 24KZ телеарнасының тікелей эфирінде анықталды.
Жеребе нәтижесінде партия төрағалары төмендегі реттілікпен сөйлейді:
1. «Respublica»
2. «Baytaq»
3. «Ақ жол»
4. «Әділет»
5. «Ауыл»
6. ЖСДП
7. Қазақстан Халық партиясы