Бастауыш сынып оқушылары каникулға қашан шығады

15 Мамыр 2024, 17:32
543
Бөлісу:
Бастауыш сынып оқушылары каникулға қашан шығады
Фото: BAQ.KZ - архив

ОКҚ алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева бастауыш сынып оқушылары қашан каникулға шығатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бастауыш сынып оқушылары мамыр айының соңғы күндерінен дәстүрлі түрде жазғы демалысқа шығады. Ал 5-11 сынып оқушыларына 27 мамырдан бастап емтихандар өткізіледі, - деп айтты ол.

Емтихандар аяқталған соң олар да жазғы демалысқа шығады.

Биыл алғаш рет білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында 5-8, 10 сыныптар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен аралық емтихандар өткізіледі, - деп түсіндірді Наталья Жұмаділдаева.

Өзгелердің жаңалығы