Бастапқы бес сағатта 5 950 адам дауыс берді

9 Маусым 2019, 13:54
1945
Бөлісу:
Бастапқы бес сағатта 5 950 адам дауыс берді
Фото: автордан

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Сарысу ауданында Президент сайлауы таңғы 7.00-де Мемлекеттік Әнұранмен бастау алды.

Сайлауға алғаш болып келіп дауыс берген азаматтар, ең жасы үлкен және ең жас дауыс берушілер арнайы  сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы ауданда сайлаушылар саны 26 717 адам болса, олар 25 учаске бойынша өз таңдауларын жасауда. Бастапқы бес сағатта 5 950 адам дауыс беріп үлгерген. Таңдау жасауға әлі уақыт бар.

Бастапқы бес сағатта 5 950 адам дауыс берді

«Сарысу халқы тарихи сәтке таңдау жасаудың жауапкершілігін анық   сезінуде. Өйткені, комиссия мүшелері бұл науқанның маңыздылығын барынша түсіндіріп бақты. Аудан аумағындағы барлық учаскелерде қызу жүріп жатыр», - дейді Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулетберді Шортанбаев.

Жауапты маманның сөзіне қарағанда, аймақтағы сайлау барысы әртүрлі деңгейдегі бақылаушылардың назарында. Олар саяси науқанның барысында заңсыздықтар орын алмағанын мәлімдеп отыр. Таңдау жасау уақыты аяқталғанға дейін бақылау жұмыстары жалғаса береді.

Айта кетйік, Жамбыл облысы бойынша 484 сайлау учаскесі тіркелген. Өңірдегі тұрғындардың белсенділіктеріне бақылаушылар оң бағалауда. Әзірге ешқандай заңсыздық орын алған жоқ.
Өзгелердің жаңалығы