Депутаттар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруге бағытталған заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құжаттың негізгі мақсатын Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев түсіндіріп берді.
Заң жобасының негізгі мақсаты:
- Әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және нарыққа шығуға кедергілерді азайту арқылы құрылыс салушылар үшін жағдайды жақсарту;
- Үлескерлерді қорғауды күшейту және қаражатты заңсыз тартудың алдын алу;
- Үлестік қатысу саласында мемлекеттік реттеудің ашық және тиімді жүйесін құру.
Заң жобасында құрылыс салушыларға бірқатар талап қойылады.
Құрылыс салушыларға қойылатын “кіру” талаптарын төмендету, яғни ортаңқол құрылыс салушылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу нарығына заңды кіру, - деді Мұсабаев.
Заңда үлестік салымдарға қолжетімділікті кеңейту ұсынылады:
- уәкілетті компания екінші деңгейлі банктерде ағымдағы шотты ғана емес, жинақ және валюта шоттарын ашу мүмкіндігі;
- мердігерге аванстық төлемдер мөлшерін ұлғайту;
- үлескерлердің ақшасын әкімдіктен рұқсат алғаннан кейін ғана пайдалану құқығы;
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың Бірыңғай ақпараттық жүйесінде (Қазрестр) міндетті түрде есепке ала отырып, жазбаша және электрондық нысанда үлестік қатысу шарттарын жасасуды қамтамасыз ету;
- Бірыңғай оператордың кепілдік беру шартын мерзімінен бұрын бұзған кезде Уәкілетті компанияның кепілдік жарнасының бір бөлігін қайтару.
Осылайша, заң жобасы үлестік нарықтағы жағдайларды жақсартуға және құрылыс салушыларға қойылатын талаптарды төмендетуге, сондай-ақ құрылыс салушылар үшін, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін шараларды ынталандыруға бағытталған.