Баспана. 51 млрд теңге қанша отбасыны бақытты етеді?

25 Сәуір 2022, 14:50
1231
Бөлісу:
Баспана. 51 млрд теңге қанша отбасыны бақытты етеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. 

Ол «Алдағы уақытта халықтың қалтасына тиімді қандай бағдарламалар іске қосылады?» деген сұраққа жауап берді. 

Мамыр айында 4 жыл өтініштерді қабылдап келе жатқан «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылады. Бюджеттен 51 млрд теңге бөлінді. Жоспар бойынша 5 мың отбасыға ол ақшаны 2%-дан береміз. Келесі айда «Әскери баспана» деген бағдарламаны бастаймыз. Қаңтар айынан бері бүкіл нарықтағы бағдарламалар арқылы 22 мың несие бекітілді, - деп атап өтті басқарма төрайымы. 

Сонымен қатар ол баспаналы болғысы келетін тұрғындардың қатары күн сайын толығып жатқанын алға тартты. 

Біздің банктен халық 240 мың депозит ашты. Аталған депозиттерге осы 4 ай ішінде 511 млрд теңге қосымша салық төленді, - деп деді Ләззат Ибрагимова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Алмаз Ыдырысов қанша адамның үй кезегінде тұрғанын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы