Баскетболдан Азия кубогы: еліміз алғашқы іріктеу матчында жеңіске жетті

11 Шілде 2024, 23:52
433
Бөлісу:
Баскетболдан Азия кубогы: еліміз алғашқы іріктеу матчында жеңіске жетті
Фото: olympic.kz

Қырғызстан астанасы Бішкекте баскетболдан 18 жасқа дейінгі FIBA Азия кубогіне іріктеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездесіп, 59:42 есебімен жеңіске жетті.

Енді біздің команда Өзбекстан U-18 құрамасымен кездеседі.

Айта кетелік, іріктеуде жеңіске жеткен команда Азия кубогінің негізгі кезеңіне жолдама алады.

Өзгелердің жаңалығы