Мұны ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылғы 23-24 қаңтарда Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировтың Астанаға сапары өтеді. Сапар аясында башқұрт делегациясы Қазақстан-Башқұртстан бизнес форумына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс тобының отырысына қатысады, - деді ресми өкіл.