Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына тағы өзгеріс пен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды.
ҚР-ға келген азаматтар, ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады, - деп мәлімдеді ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов.
COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.
COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.
Сонымен қатар, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілді.
«7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Aнықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді»;
1) 1-тармақтың 1) тармақшасында «өткені туралы» деген сөздер «тесттің теріс нәтижесі бар» деген сөздермен ауыстырылсын, - делінген Қаулыда.