Бас прокурор Қаңтар оқиғасының хронологиясын жариялады

14 Наурыз 2022, 10:45
1657
Бөлісу:
Бас прокурор Қаңтар оқиғасының хронологиясын жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Бас Прокурор Берік Асылов Қаңтар оқиғасының хронологиясын жариялады.

Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдарында мұндай қатыгездікке алғаш рет тап болып отыр. Енді «қасіретті қаңтардың» артта қалған күндерін мұқият саралап, тиянақты бағалауға болады.

Бас Прокурор оқиғаның хронологиясына тоқталды.

Митингілердің бастапқыда бейбіт болғанын өздерің білесіздер. 1 қаңтардан бастап Батыс өңірлерідң тұрғындары газ бағасын төмендетуді талап етті. Яғни ешқандай саясат болған жоқ. Таза әлеуметтік-экономикалық талаптар қойылды. Өңірге жедел жолданған Үкімет комиссиясы газ бағасына қатысты талаптарды қанағаттандырды. Осыған қарамастан, Алматы, Шымкент және басқа өңірлерде адамдар көшеге шықты. Қатысушылардың жалпы саны екі күнде 50 мыңнан асты. Ең көбі Алматыда, - деп айтты Берік Асылов. 

Ол атағандай, басында жиындар, бейбіт сипатта болды.

Алайда, жағдайдың – бақылаудан тыс шығу қатері сағат сайын арта бастады. Сондықтан әкімдер мен депутаттар, халықпен сан рет кездесіп, қоғамдық тәртіпті бұзбауды сұрады. Прокурорлар жер-жерде наразылық акцияларының заңсыздығын және оларға қатысу үшін жауаптылықты түсіндірді. 3, 4 және 5 қаңтарда Мемлекет басшысы демонстранттарға үндеу жолдап, заңды сақтауға және деструктивті күштердің арандатуына бой бермеуге шақырды. Алайда, бірнеше мәрте сабыр сақтауға шақыруға қарамастан, қылмыстық және радикалды элементтер белсенді де қатаң әрекеттерге көшті, - деп айтты Бас Прокурор.

4 және 5 қаңтарда азаматтар жиыны агрессивті топқа айналып, 11 аймақта зорлық-зомбылық сатысына өтті. Ұйымдастырушылар айқын жоспармен әрекет етті. Whats’App және «Телеграмм» арқылы топтың жиналуы мен қозғалысын үйлестірді.

Олар көп адамды жинап алып, арматура, таяқ, тас, Молотов коктейлімен қаруланды. Кейіннен топтың бір бөлігі дүкендерді қиратып, тонауға кірісті. Тонаудан кейін, қылмыстың ізін жасыру үшін, тіпті көп пәтерлі үйлердің бірінші қабатындағы үй-жайларды өртеген. Басқа қарулы топтар мақсатты түрде, әкімдіктердің, Президент Резиденциясының, полицияның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараттарына шабуыл жасап, басып алды. Алматыдағы әуежай мен басқа да нысандарды қиратты. Олар қоршауды қалай бұзу керектігін біліп, полицияға шабуыл жасады, атыс қаруын алу үшін, аңшы дүкендерін тонады, - деді Асылов Мәжілісте.

Оның айтуынша, телеэфирге шығуға тырысты, ол іске аспай қалған кезде, телекомпания кеңселерін тонап, өртеп жіберді. 

Өзгелердің жаңалығы