Бас прокурор: Азаптау бойынша қылмыс жасағандарды жауапкершіліктен босатуға тыйым салынды

20 Сәуір 2023, 11:43
1025
Бөлісу:
Бас прокурор: Азаптау бойынша қылмыс жасағандарды жауапкершіліктен босатуға тыйым салынды
Фото: автордан

Алматы қаласында «Азаптау мен қатыгездіктің алдын алу: халықаралық және еуропалық стандарттар» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Аталмыш конференцияға, еуропалық сарапшылар, Орталық Азия елдерінің судьялары, құқық қорғау органдары ұлттық құқық сарапшылар, қорғау мекемелерінің қызметкерлері, адвокаттар қатысты. 

Бас прокурор: Азаптау бойынша қылмыс жасағандарды жауапкершіліктен босатуға тыйым салынды

Конференцияға халықаралық құқық қорғау мекемелерінің өкілдері, шетелдік сарапшылар қатысып жатыр. Бүгін біз азаптаумен күресудің тәсілдері туралы көптеген пайдалы ақпарат алатынымызға сенімдімін. Біз БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясына қосылдық. Шетелдік серіктестеріміздің қолдауымен нөлден бастап ұлттық примитивтік механизм институтын құрдық. Ол адам құқықтары жөніндегі мәселелерді қарайтын болады. БҰҰ конвенциясын қолдай отырып, одан жеке бап шығардық. Азаптау бойынша қылмыс жасаған адамдарды жауапкершіліктен босатуға тыйым салынды. Ал қылмыс құрбандарына ақшалай өтемақы төленетін болады. Зардап шегушілерге өтемақы төлеу қорынан төленеді. Өтемақыны 30-50 АЕК мөлшерінде төлейміз, – дейді ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.

КР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев соттардың жұмысына қатысты тергеу жұмыстары жүргізілетінін. Сондай-ақ өтініштерді қарау мен қылмыс болған жерді тексеру қызметі қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. 

Тарихымызға қарайтын болсақ, біз жас мекемеміз. Құрылғанымызға небәрі 20 жыл болды. Біздің комиссия 2002 жылы құрылды. 10 жылдан кейін үкімет тарапынан қосымша аккредитациядан өттік. 2021 жылы комиссия қызметін реттейтін арнайы заң қабылдадық. Бастапқы кезде комиссияны президент тағайындайтын және комиссияның қызметі президенттің қаулысымен реттелетін еді. Біздің комиссияда 12 қызметкер бар. Өңірлер тарапынан ешқандай өкіл жоқ еді. Енді конституциялық реформадан кейін Сенат комиссияны тағайындайды. Ол Президенттің ұсынысы бойынша тағайындалады. Біз соттардың жұмысына қатысты тергеу жұмыстарын жүргіземіз және өтініштерді қарау мен қылмыс болған жерді қарау бойынша құзыреттілігіміз бар. Өңірлік өкілдеріміз халыққа көмектеседі. Сондай-ақ бізде гендерлік теңдік саясаты іске асады. Біздің кеңседе 69 пайыз әйелдер жұмыс істейді. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында 2023 жылғы қаңтардан бастап азаптау туралы қылмыстық істерді тергеп-тексеру тек прокурорларға тапсырылды, – дейді Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.

Еуропалық сарапшылар Қазақстанның өлім жазасынан бас тарту шешімі әлемнің көптеген елдеріне үлгі екенін атап өтті. Сондай-ақ адам құқықтарын қорғау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғарғы бағасын берді. 

Адам құқықтарын бұзу және адамды азаптау сынды адамгершілікке жатпайтын қылмыстарға қарсы алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасамыз. Біз сіздерден де үлгі аламыз. Сондай-ақ сіздердің уақыттарыңыз бен қаражаттарыңызды бос жұмсамас үшін біздің қателіктерді қайталамауды сұраймыз. Адам құқығы бұл – ең маңызды фундамент. Осы принципті ұстануымыз керек. Қазақстанда сіздер өлім жазасынан бас тарттыңыздар. Біз осы заңнан бас тартқандарыңызға қуаныштымыз. Біз осы бағыттағы жұмыстарыңызды құптаймыз және бірлесе отырып жұмыс істейміз, – деді Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас.

Қазақстанда азаптауға және тергеудің басқа да рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.

Бас прокурор: Азаптау бойынша қылмыс жасағандарды жауапкершіліктен босатуға тыйым салынды

Азаптау мен қатыгездік шаралары - әлемнің көптеген елдерінде өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев республиканың құқық қорғау органдарының алдында еліміздегі азаптаулар мен қатыгездіктерді толық жою міндетін қойды. Біз бұл зұлымдықпен жүйелі түрде күресуіміз керек. Сондықтан азаптауға және басқа да қатыгездікке қарсы іс-қимылдың еуропалық стандарттарын зерделеу, сондай-ақ осы саладағы әріптестермен тәжірибе алмасу маңызды. Қылмыскерлерді анықтап қана қоймай, қылмыстың болмауына да бірлесіп жұмыс істейміз, – дейді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов.

Өзгелердің жаңалығы