Бас прокуратура: Шерзат Болат ісі бойынша сот ашық өтуге тиіс

10 Сәуір 2025, 12:35
511
Бөлісу:
Бас прокуратура: Шерзат Болат ісі бойынша сот ашық өтуге тиіс
Фото: BAQ.KZ - архив

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Болаттың (Полат) ісі бойынша сот отырысының қалай өтетініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Прокуратура өкілі "Сот отырысы ашық өте ме және Қуандық Бишімбаевтың ісі секілді трансляция жасала ма?" деген сұраққа жауап берді.

Айтуынша, прокуратура істің толығымен ашықтығын қолдайды.

Менде бар деректерге сәйкес, сот ашық режимде өткізілуге тиіс. Бірақ өздеріңіз білетіндей, отырысты ашық немесе жабық форматта өткізу туралы шешімді тек сот қабылдайды. Біздің ұстанымымыз – егер қылмыста шектелуге тиіс ақпараттар болмаса, істі ашық қарау. Менің білуімше, сот ашық өтеді. Күтейік, - деді Ғалымжан Қойгелдиев Сенаттың кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура Шерзат Болаттың үйін өртегендер неге әлі табылмағаны туралы айтқан болатын

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Болатқа қатысты сот өтетінін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы