Бас прокуратура Қазақстан халқына тағы үндеу жолдады

5 Маусым 2024, 06:48
400
Бөлісу:
Бас прокуратура Қазақстан халқына тағы үндеу жолдады
Фото: gov.kz

Бас прокуратура алаяқтыққа қатысты тағы да ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратура мәліметінше, мессенджерлерде прокуратура органдары басшылығының фотосуреттері бар жалған аккаунттар құру және алаяқтық әрекеттер белгілері бар хабарламалар жіберу жағдайлары жиі кездесуде.

Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге қайта шақырады. Осындай қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін де прокуратура ел тұрғындарына маңызды ескерту жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы