Бас прокуратура қаңтарда қаза болғандардың тізімін жариялады

16 Тамыз 2022, 17:03
2196
Бөлісу:
Бас прокуратура қаңтарда қаза болғандардың тізімін жариялады

Қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан азаматтардың толық тізімін Бас прокуратураның ведомствалық сайтына орналастырдық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан азаматтардың толық тізімін Бас прокуратураның ведомствалық сайтына орналастырамыз. Қылмыстық-процестік заңнама нормаларына сәйкес және қаза болған адамдардың туыстарының пікірлерін ескере отырып, азаматтардың қаза болуының мән-жайлары туралы өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды, - деді ол. 

Қилымжанов ресми дерек көздерге ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.

Жалпы еліміз бойынша тергеу органдарымен 5 300 астам қылмыстық іс тіркелді. Олардың басым көпшілігі – ұрлық, тонау, қаруды сақтау және өзге де қылмыстар. Тергеу амалдарын жүргізу үшін барлығы 1 237 күдікті адам қамауға алынды. Жеке бастарын, денсаулық жағдайын және сипаттайтын материалдарды ескеріп, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үйқамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. 955 күдікті адам сотқа беріліп, түрлі жазаларға 834 адам сотталды, оның ішінде 636 бас бостандығынан айыруға байланысты емес. Қазіргі уақытта 292 күдікті адам қамауда, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы