Төтенше жағдай: Бас Прокуратура ескертеді!

17 Наурыз 2020, 17:44
1856
Бөлісу:
Төтенше жағдай: Бас Прокуратура ескертеді!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы төтенше жағдайлар кейінде тұрғындардың төтенше жағдайлар режимін қатаң сақтауға шақырды.

Сонымен бірге төтенше жағдайдың жариялануына байланысты режимдi бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен (айыппұл 10 АЕК, 10 тәулікке дейін қамаққа алу), ал төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттері үшін ӘҚБтК-нің 478-бабымен (айыппұл 40 АЕК, 30 тәулікке дейін қамаққа алу) әкімшілік жауаптылық қаралған - делінген прокуратураның баспасөз хабарламасында.

      Бұған қоса, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып және төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚК-нің 274-бабымен қылмыстық жауаптылық қаралған (3 жылдан 7 жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады).

Осыған орай тұрғындардың назарына тек мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне сүйену қажеттігін жеткіземіз, себебі провокациялық ақпараттарды таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы