Бас прокурордың орынбасар Ғалымжан Қойгелдиев Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен өзім жаңа естідім. Әзірге ештеңе айта алмаймын, - деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары Сенаттың кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Еске салайық, бүгін Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан бір-бірін танитын адамдар арасында сөзге келіспеушілік туындап, жанжал төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.