Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев хабарлады.
Оның айтуынша, адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге аса назар аударылып отыр.
Бүгінгі таңда 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланған. Оның ішінде 3393-і – құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде мәйітханаларға қаза тапқан 225 адам жеткізілді, - деді Бас прокуратура өкілі.
Еске сала кетейік, бұған дейін ол арты қайғыға ұласқан оқиғаның қалай басталғанын айтқан болатын.