Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы референдум кезіндегі дауыс беру процесі тұрақты жағдайда өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қарамановтың айтуынша, референдум комиссиялары тарапынан елеулі заңбұзушылықтар тіркелмеген.
Бүгін тек бір азаматқа ғана айыппұл салынды. Ол заңсыз сауал салу және үгіт жүргізу фактісі бойынша жауапқа тартылды. Қазіргі уақытта басқа жауапкершілікке тарту жағдайлары болған жоқ. Прокуратураға екі өтініш келіп түсті, олар бойынша заңнамаға түсіндірме берілді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы референдум комиссиясының шешіміне қатысты сотқа бір шағым түсті, ол қаралып жатыр, – деді ведомство өкілі Референдум – 2026 онлайн-марафоны аясында Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.