Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айты.
Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына қатысты БАҚ пен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп жатыр. Азаматтар оқиғаның мән-жайын түсінбей, оны жариялаудың жағдайлары кездесіп жатыр. Youtube арнасының бірінде азаматша Т-ның жұбайын қылмыстық жауапқа тарту туралы видео жариялады. Ол полиция қызметкерлерінің заңдылық мәселесін көтерді. Оның жұбайы өз еркімен қаруды тапсырған. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін хабарлаймын, - деді ол.
Қилымжанов атағандай, 6 қатарында ол ауыр қылмыс жасады деп күтікті болды.
Жамбыл облысының полиция департаментіне кіріп, 3 калашников автоматы мен тапаншаны ұрлап кеткен. Ол қылмыстық кодекстің 291-і бабы бойынша қаруды ұрлау ретінде сараланады. Қылмыс санаты бойынша қылмыстан босату көрсетілмеген. Тұлғалар атыс аруы мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды сақтағанын өз еркімен келіп тапсырса, олар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, - деді ол.