Бас прокурор Берік Асылов балалар суицидіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Бас прокурор Twitter-дегі парақшасында жазды.
Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді, - деді ол.
Сондай-ақ, прокурорлар қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеп жатыр.
Бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірлесіп, суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейді.
Еске сала кетейік, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев "Елімізде суицидке кімдер жиі барады?" деген сұраққа жауап берген болатын. Сондай-ақ, ол интернетте таралған қауіпті ойындар туралы айтқан болатын.
Бұған дейін баланы суицидтен қалай қорғауға болатыны туралы материалымызды жариялаған болатынбыз.