Бас прокуратура азаптауларға жол бермеу шаралары туралы айтты

22 Ақпан 2023, 11:06
1263
Бөлісу:
Бас прокуратура азаптауларға жол бермеу шаралары туралы айтты

Осы жылдың қаңтар айынан бастап азаптауларды қолдану фактілері бойынша қылмыстық істер прокуратура органдарымен тергеп-тексерілуде, деп хабарлады BAQ.KZ.

Осындай істерді тергеуде арнайы прокурорлардың тәжірибесі мол. Олардың жұмысын регламенттеу үшін «Прокуратура органдарында азаптаулар туралы қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексерілуін ұйымдастыру туралы» Нұсқаулық бекітілді. Тергеу тәжірибесі мен тергеу сапасын жоғарылатуды жандандырумен қатар, Бас прокуратура басқа да қылмыстық қудалау органдарымен бірлесе азаптаулардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдады. 

Тоқтала кететін болсақ, барлық құқық қорғау органдары мен түзеу мекемелерінде түгелдей бейнебақылауды енгізу жұмыстары жалғасуда. Азаптауларды жасау жағдайлары мен себептерін талдау негізінде «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жазаны орындау сатысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бастандықтарын сақтауды қамтамсыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бірлескен бұйрық жасалып, күшіне енді. Бірлескен бұйрыққа барлық құқық қорғау органдарының басшылары қол қойды. Оның мақсаты – азаптаулар және басқа да тергеп-тексерудің рұқсат берілмеген әдістеріне қарсы әрекеттер бойынша шаралардың тиімділігін арттыру,- деп хабарлады Бас прокауратураның баспасөз қызметі. 

Нұсқаулықта құқық қорғау органдарына азаматтарды тек жеткілікті мәліметтер болған жағдайда ғана жеткізу туралы талаптар қаралған. Тергеушіден басқа, өкілеттігі жоқ тұлғалардың жеткізілген азаматтармен қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары бойынша қандай да бір сөйлесу, әңгімелесу және сұрақ қоюды жүргізуіге тыйым салынған. Жеткізілген және ұсталған азаматтар шұғыл түрде тергеу әрекеттерін жүргізу үшін арнайы кабинеттерге жөнелтілуі қажет. Арнайы кабинеттер стандарт бойынша бірінші қабатта, айқын қабырғалармен, бейнебақылау камераларымен жасақталады. 

Ұсталғаны туралы дереу оның туысқанына немесе тиісті тұлғаға хабарлануы тиіс, олардың байланыс мәліметтері хаттамада көрсетілуі қажет. Азаматтарды ұстау, жеткізу және алып келу негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаптаулар мен басқа да қатаң, адамгершіліксіз немесе намысты таптауға жол бермеуге аумақтық құқық қорғау органдары басшыларының жеке жауаптылықтары бекітілді. Айғақтарды жинау, жауап алу және қажетті сот сараптамаларын тағайындау бойынша кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азаптаулар жасалған орынға прокурордың дереу шығуы бойынша талаптар қойылды. Осылайша, құқық қорғау органдарымен бірлескен бұйрықты іске асыру – азаматтардың құқықтарын қорғауды арттырады, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы