Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желіде жазды.
Православ христиандарының Рождество мерекесі қарсаңында, нақты айтқанда 7 қаңтар күні Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл елімізде болған тәртіпсіздікке қатысты ой-пікірін білдірді.Осы дан кейін еліміздегі мұсылман қауымы ресейлік дін қайраткерінің сөзіне байланысты түсініктеме беруімді сұрады. Ең алдымен, Мемлекет басшыларына, дін және қоғам қайраткерлеріне осы қиын-қыстау күндерде Қазақстан халқына қолдау білдіргендері үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Біздің еліміз жаңа қиындықтарға тап болды, бірақ Президентіміздің даналығының арқасында біз осы күрделі оқиғалардан аман-есен өттік, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сонымен қатар Мәскеу және бүкіл Русьтің аса құрметті Патриархы Кириллдің үш қисынсыз тезисіне ерекше назарғанын айтты.
Біріншіден, болған оқиғалар азаматтық қақтығысқа алып келген жоқ. Бұл бірқатар өңірлерде өткен бейбіт митингілер болды, кейіннен оларды ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер ресми түрде мойындаған ішкі және сыртқы деструктивті күштер пайдаланды. Екіншіден, Қазақстан тұтастай алғанда ешқашан тарихи Русьтің аумағына кірген емес. Тарихи фактілерді, оның ішінде Исламның қазақ даласында таралуы 751 жылы басталғанын естеріңізге салғым келеді. 960 жылы Ислам Қараханидтер кезінде қазіргі Қазақстан аумағында мемлекеттік дін ретінде танылды, ал Русьтің шоқынуы осы оқиғадан 28 жыл өткен соң 988 жылы өтті. Жалпыға бірдей танылған тарихи фактілер қазіргі Ресей аумағында Ислам одан да ертерек 922 жылы, яғни Алмуш Хан Исламды Еділ Болгариясының мемлекеттік діні деп жариялаған кезде пайда болғанын көрсетеді, бұл қазіргі Татарстанның аумағы. Үшіншіден, географиялық дәлелдерге сүйене отырып, жанашырлық таныту мүлдем қисынды емес. Әлемнің барлық діндері әрқашан адамдарды нәсіліне, тіліне, мәдениеті мен географиясына қарамастан бағалауға шақырады, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жалпы, осындай дәрежедегі діни қайраткердің ұстанымы бойынша халықтар арасындағы қарым-қатынастарда алауыздық тудыратын, тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Ресейде де дінге сенушілердің сезімін қозғайтын сөздер айтылмауы тиіс деп пайымдайды.
Негізінен бір күндік саясаткерге ұқсамауымыз керек. Осындай кездерде бәрімізге төзімділікті, ұқыптылықты, әдептілікті сақтап, бір-бірімізге құрметпен қарау қажет. Кез келген дін, оның ішінде Ислам және Православие әрқашан саясаттан тыс болды және бейбітшілікке, келісімге және төзімділікке шақырды. Алла Тағала еліміз бен жерімізді түрлі бүліктен, қауіп-қатерден сақтасын. Елдің шеті жаудан, іші даудан аман болғай. Әмин! – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.