Рамазан қарсаңында өткен баспасөз маслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни терминдерді қазақша айтуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өкінішке қарай, кейбір жас буын өкілдерінің ауызашарды ифтар, сәресін сухур деп айтып жүргені көңілге қаяу түсіреді. Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған ата-бабаларымыз ауызашар, сәресі деген сөздерді қолданған. Біз де бабалар жолын ұстанған ұрпақ ретінде өзге тілден енген діни терминдерден барынша арылуымыз керек, – деді ол.