Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 3 отбасына баспана кілтін табыстады.
Мүфтияттың 30 жылдық мерейтойы аясында берілген баспана көпбалалы отбасына, мүгедек кейуанаға, асыраушысынан айырылған келіншекке салтанатты түрде табысталды.
Діни басқарманың жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Біз баспанаға аса мұқтаж, көмекке зәру азаматтарды қуанышқа бөлейтін игі жобамызды жыл бойы жалғастыра береміз. 3 баспана мақтааралдық ағайынға бұйырып отыр. Біз Мақтааралмен біргеміз. Қоныс құтты болсын! Қуаныштарыңыз баянды болсын. Осы отбасынан ғалымдар шығып, елімізге қызмет ете берсін, – деп атап өтті бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы."Зекет" қорының директоры мұндай игі істің әлі де жалғасын табатынын айтты.
Қор қызметкерлері осымен 201-інші отбасын қуанышқа кенелтті. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғаса береді, – деді "Зекет" қорының директоры Талғат Омаров