Бас қалада Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші бой көтерді

20 Тамыз 2021, 11:55
9787
Бөлісу:
Бас қалада Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші бой көтерді
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеневке ескерткіш қойылды. 

Ескерткіштің ашылуына мемлекет және қоғам қайраткерлері, Тәшеневтің ұрпақтары қатысты.

Жергілікті билік елемесе де, Жұмабек Тәшеневті халық қолында ұстады. Бұл ескерткіш біздің тәуелсіздіктің символы ретінде тұрады. Ол кісі қайтыс болғанда туған жерге жерлемек болғандар болыпты. Бірақ тірісінде өзі айтқан екен: «Қазақтың қай жерінен топырақ бұйырса да бақыттымын» деп. Сондықтан ол қазақтың бақытты ұлы, - деді экс-сенатор Оралбай Әбдікәрімов.
Бас қалада Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші бой көтерді

Сәбит Досановтың сөзінше, Тәшенев біздің мемлекетіміздің тұтастығын сақтаған тұлға.
Егер Жұмабек Тәшенев болмаса, біз осы жерде тұрмас едік. Бес облысымыздан айырылып қалатын едік. Ол кісі біздің мемлекетіміздің тұтастығын сақтаған тұлға. Ол кісіге қандай құрмет болса да, көрсетуіміз керек, - деп атап өтті ол.
Бас қалада Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші бой көтерді

 Саян Жұмабекұлы Тәшенев әкесіне арналып ескерткіш ашылғаны үшін Қасым-Жомарт Кемелұлына алғысын білдірді.
Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Себебі әкеміздің ескерткіші ашылды. Бұл ескерткіштің ашылғаны үшін Қасым-Жомарт Кемелұлына рахметімді айтамын. «Әкеңнің еңбегін неге насихаттамайсың?» деген адамдар көп болды. Нағыз еңбек сіңірген адамды халық өз құрметтейді. Біздің әкеміз тек әке емес, нағыз патриот болғанына қуанамыз. Туған жерінде тұрған ескерткіш қандай керемет. Бәріне рахмет, - деді ол.
Бас қалада Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші бой көтерді

Ескерткішті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Мырзатай Жолдасбеков, Оралбай Әбдікәрімов ашты.

Өзгелердің жаңалығы