Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондондағы Корольдік колледждің генетикалық эпидемиология профессоры Тим Спектор коронавирус кезіндегі бас аурудың белгілерін атады. Бұл туралы The Telegraph хабарлады.
Мамандардың айтуынша, бас ауруы COVID-19 жаңа штамдарын жұқтырудың барынша жиі таралған белгілеріне айналып отыр. Вирус жұқтырғандардың үштен екісі 40 жастан асқандар және бұл симптом адамдардың жартысынан көбінде кездесетін көрінеді.
Профессордің айтуынша пациенттердің көп жағдайда бастары ауырып, ол үштен бес күнге дейін созылады екен. Анальгетик дәрілерді қабылдау көмектеспейді. Сарапшы бастың екі бөлігі бірдей ауырсынып, солқылдап, шаншуы немесе қысып ауыруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ ғалымдар ауруға шалдыққандардың 15%-да бұл коронавирус инфекциясын жұқтырудың жалғыз симптомы екендігін алға тартты.
Үндістанда анықталған коронавирустың екі вирустың мутациясынан пайда болған штамы әлемнің басқа елдерінде де кең таралғаны белгілі.
Қызу көтерілуі, жөтел, шаршағыштық, дәм мен иіс сезудің жоғалуы аурудың негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Алайда жаңа штамда тұмауға ұқсас жаңа симптомдар бар.