Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрлықтық хоккей лигасы тарихындағы ең нәтижелі қорғаушы Кевин Даллмэн спорттық карьерасын аяқтады. Бұл туралы «Барыстың» экс-ойыншысы өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.
Былтырғы маусымда Даллмэн астаналық клуб сапында 49 матч өткізіп, 19 ((5+14) ұпай жинады. Қаңтар айының соңында отбасылық жағдайына байланысты «Барыстан» кеткенін хабарлаған еді.38 жастағы Даллмэн ҚХЛ-да 620 матч өткізген. Оның ішінде «Барыс» сапында 8 маусым өнер көрсеткен. Сондай-ақ Санкт-Петербургтың СКА командасында ойнаған. Жалпы, Кевин ҚХЛ-да 182 шайба соғып, 289 нәтижелі пастың авторы атанған. Ол ҚХЛ-дағы алғашқы маусымында қорғаушылар арасында ең көп жинаған ойыншы атанды (58 ұпай). Сөйтіп, атақты Вячеслав Фетисовтың рекордын жаңартты.