Бүгінгі кездесу елордалық команда үшін сәтсіз басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресейлік клуб бірінші кезеңде қатарынан төрт шайба соғып кетті.
Екінші кезеңде «Сибирь» сапынан Энди Андреофф 28-минутта басымдықты арттыра түсті.
Оған қазақстандық клубтан Энтони Камара 32-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 1:5 есебімен жеңіліп қалды.
Енді елордалық команда ұлттық құрама Ресейде өтетін Бірінші арна кубогына қатысады.