Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«Барыс» хоккей лигасында тағы да басым түсті

16 Қыркүйек 2022, 09:29
2564
Бөлісу:

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) клубына қарсы өткізді, деп хабарлады BAQ.KZ.

 

Бұл туралы Elorda.info жазды. Бұл «Барыстың» екінші жеңісі. 

Ойынның 17-минутта «Барыс» хоккейшісі Ансар Шайхмедденов есеп ашса, 35-минутта Энтони Луис есепті үстемелей түсті.

Бұдан кейін «Авангард» сапынан Владимир Ткачёв 39-минутта мергендік танытты.

Үшінші кезеңде елордалық командадан Иван Мищенко 43, Лиден Вей 44-минуттарда басымдықты арттыра түсті.

Ресейлік командадан Сергей Толчинский 45, Владимир Брюквин 50-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ойынның 58-минутында Энтони Луис өзінің екінші шайбасын соқты. Нәтижесінде елоралық клуб қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, «Барыс» бүгін «Авангардпен» тағы бір мәрте ойын өткізеді.

 

Өзгелердің жаңалығы