Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«Барыс» бүгін Ресейдің «Динамосымен» кездеседі

29 Қаңтар 2023, 12:26
928
Бөлісу:

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған ойын бүгін, 29 қаңтарда елорда уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездесті. Оның 12-сі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде елу cегіз ойыннан кейін 56 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 17-орында келеді.

Ал елу алты ойыннан кейін 73 ұпай жинаған «Динамо» 5-орынға жайғасқан.

Өзгелердің жаңалығы