Астана, BAQ.KZ. Астаналық "Барыстың" биылғы Құрлықтың хоккей лигасы маусымына бөлінетін еңбекақы қаржысы белгілі болды. Бұл туралы "Чемпионат.com" сайты жазды.
"Чемпионат" 2018-2019 жылдың маусымындағы Шығыс конференциясы клубтары бюджеттерінің болжамды соммасын жариялады. Сандарды салыстыра отырып, қызықты деректерді байқауға болады. Кей командалар басшылығы нәтижелі жұмыс істейді, ал кейбірінің маусым қорытындысы салынған қаржыға татымайды.
"Бапкерлер штабына жұмсалатын қаржы бөлек жүреді. Төменде ойыншылардың алатын ақшасы көрсетілген. Бұл қаржының бәрі игерілмеген болуы мүмкін, үнемдеу қазір қалыпты. Мәселен хоккейші қосымша төлем алу үшін келісімдегі бірнеше шартты орындау қажет. Бірден айтайық, алдыңғы қатарлы төрт клубтың бюджеті өскен. Ал Қиыр Шығыс пен Қытай клубтарының қаржысы қиылған", - делінген хабарламада.
Осылайша, ақпарат бойынша, "Барыстың" 2018-2019 жылдағы маусымдық еңбекақы бюджеті 3 640 870 000 теңге. Сонымен қатар, астаналық команданың былтырғы қаржысы - 3 438 920 000 теңге болғаны айтылды. Яғни биыл "Барыс" бюджеті 201 950 000 теңгеге артқан.
Ескерте кетейік, кестеде қаржы сомасы рубльмен көрсетілген.