"Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі Жапонияда прокатқа шықты

20 Қаңтар 2020, 22:10
2636
Бөлісу:
"Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі Жапонияда прокатқа шықты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қаңтар күні Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі Жапонияда прокатқа шықты. Туындының режиссерлері – Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан) және Лиза Такэба (Жапония).

Осыған орай Токионың "Синдзюку Синема" кинотеатрында фильмнің салтанатты көрсетілімі өтті. Жапондық көрермендерге бұл туындыны басты рөлдердің бірін сомдаған актер Мирай Морияма және картинаның тең режиссері Лиза Такэба таныстырды.

01. LISA TAKEBA AND MIRAI MORIYAMA.jpg

Түсірілімдер Қазақстанның көркем жерлерінде жүргізілді. Бұл елдің табиғаты мені қатты таң қалдырды. Біздің көрермендер осы әсем
табиғатты көре алатындарына өте қуаныштымын. Түсірілім алаңы үлкен қалалардан алыс жерде болғандықтан, бәрі де оңай болды деп айта алмаймын. Алайда сол күндерді сағынышпен еске аламын. Қазақстандық киногерлер жоғарғы деңгейде жұмыстарын атқарды. Осы рөл маған бұйырғанына өзімді бақытты санаймын. Бұл – мен үшін баға жетпес тәжірибие болды. Қазақстанға тағы да барып, достарымды  көріп қайтсам жақсы болар еді, - деді актер Мирай Морияма Токиодағы көрсетілімде.
Айта кетсек, жапондықтар бұл фильмді жылы қабылдады. Көрсетілімнен кейін көрермендер және журналистер режиссер мен актерге сұрақтарын жаудырды. Олар фильмнің көркемділігі, Қазақстанның көркем табиғаты және философия туралы өз ойларымен бөлісті.
03. Busan International Film Festival 2.jpg

Кинотуынды Токио, Йокогама, Осака, Киото сынды Жапонияның басқа да қалаларында прокатқа шығады. Естеріңізге сала кетсек, "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмінің жапондық премьерасы Халықаралық Токио кинофестивалі шеңберінде өткен болатын. Сондай-ақ бұл картина Оңтүстік Кореядағы Халықаралық Бусан кинофестивалінің ашылу салтанатында көрсетілді (әлемдік тұсаукесері).

04. Busan International Film Festival 3.jpg

Фильмінің өндірісін Қазақстан тарапынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы, ал Жапония тарапынан – "Tokyo New Cinema" компаниясы жүзеге асырып отыр.

Backstage4.JPG

Аталған кинотуынды төрт түліктің төресі жылқы бағумен айналысатын қарапайым отбасы туралы баяндайды. Бір күні жылқы үшін  адам өлтіруден тайынбайтын барымташылар отағасын аяусыз өлтіреді.

Өзгелердің жаңалығы