Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Константин Жигалов Еуропалық университеттің Барселона бизнес-мектебінде (EU Business School Barcelona) еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәріс оқыды.
Қазақстандық дипломат аудиторияны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласының негізгі ережелерімен таныстырды және Қазақстаның үш тарихи онжылдықтағы жетістіктерін егжей-тегжейлі сипаттады, олардың әрқайсысы мемлекет тарихы үшін ерекше және кезеңді болды.
К.Жигалов тәуелсіздік таңында тұрған ауқымды міндеттерді шешуде, қазақстандық жолды қамтамасыз етуде және елді озық өңірлік державаға айналдыруда оның Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев зор үлес қосқанын атап өтті. Елші Елбасының негізгі сыртқы саяси бастамаларына егжей-тегжейлі тоқталып, оларды іске асыру Қазақстанның халықаралық беделін айтарлықтай нығайтты.
Аудиторияны елімізді одан әрі жаңғыртуға бағытталған Қазақстан басшылығының стратегиясы, Президентің саяси реформаларының үш пакетінің дәйектілігі мен үйлесімді сипаты қызықтырды.Дәріс тікелей интерактивті диалог түрінде жалғасын тапты, оның барысында К.Жигалов Германия, Нидерланд, Канада, Мексика, Ливан, Боливия студенттерінің, сондай-ақ бизнес-мектебінде оқитын қазақстандық студенттердің үлкен тобының көптеген сұрақтарына жауап берді,- делінген хабарламада.
Олармен Наурыз мейрамына орайластырылған Елшінің жеке кездесуі өтті. Студенттер өздерінің еңбек күндері мен болашаққа жоспарлары туралы айтып берді, Барселонадан басқа да Швейцария (Женева) және Германияда (Мюнхен) өз кампустары бар бизнес-мектептегі оқу процесінің деңгейі туралы жоғары пікір білдірді.
Қазақстанның Испаниямен білім беру саласындағы ынтымақтастығын нығайту дәл сол күні К.Жигаловтың Барселона университетінің басшылығымен кездесуі барысында талқыланды.
Елшінің Барселонаға сапарының маңызды құрамдас бөлігі «Азия үйі» Президенті Хавьер Паррондомен және Азия киносы Барселона кинофестивалінің басшысы Менене Граспен келіссөздер өтті.
Олардың мәні талдау орталықтары мен сарапшылар топтарын тарта отырып, маусымда Қазақстан бойынша халықаралық конференцияны өткізу, сондай-ақ қазақстандық фильмдердің Каталония астанасындағы жыл сайынғы кинофестивальге одан әрі қатысуы болды.
К.Жигалов «Iberhospitex» испандық компаниясының президенті Анисето Лопеспенпен үстіміздегі жылы Нұр-Сұлтан қаласында жүрек-қантамыр интервенциясы саласындағы медициналық жабдықтар мен жоғары технологиялық өнімдер шығаратын жергілікті өндірісті пайдалануға енгізу мәселелерін талқылады.