«Барселона» хавбегі Ферран Торрес пен мадридтік «Атлетико» қорғаушысы Стефан Савич кешегі ойыннан кейін ұзақ мерзімге шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Sport.es сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында футболшылар алаңда төбелес шығарып, нәтижесінде бас төреші екі ойыншыны да алаңнан қуды. Жақында бұл оқиғаны арнайы комиссия тексереді. Торрес пен Савич төрт ойыннан 12 ойынға дейін шеттетілуі мүмкін.
Ойын 1:0 есебімен «Барселона» пайласына аяқталды. Жалғыз голды Усман Дембеле соқты.
16 турдан кейін «Барселона» Ла Лигада кестесінде «Реалдан» үш ұпайға озып, көш бастап келеді.