Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Барлық өңірде туристік полиция бөлімдері пайда болады

15 Маусым 2025, 20:31
497
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Биыл туристік полицейлер 5 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті. Олардың міндеті – шетелден келген меймандардың жайлығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір 12 өңірдегі 30-дан астам туристік нысанда туристік полиция қызмет көрсетеді. Биыл оларға 5000-ға тарта азамат жүгінді. Елордадағы көрікті орындар аумағында туристік полиция қызмет көрсететін 4 стационарлық бекет бар.

Тәртіп сақшылары шетелдік туристердің қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Нысандарда бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған. Сондай-ақ туристік полиция қызметкерлері 2,5 мыңға жуық қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеді.

Өзгелердің жаңалығы