Барлық жеңістің негізінде халықтың бірлігі жатыр – Жұмырбаев

29 Сәуір 2021, 13:15
2365
Бөлісу:
Барлық жеңістің негізінде халықтың бірлігі жатыр – Жұмырбаев

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Осыған орай ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы, «Adaldyq alany» жобасының жетекшісі Тимур Жұмырбаевтан Қазақстандағы халықтардың мызғымас бірлігі мен бейбітшілігі, Бірлік күнінің идеясы туралы сұраған едік.
 

Тәуелсіздік кезеңінде туған жас қазақстандықтар үшін бейбітшілік пен келісім үйреншікті ұғым. Бұл жай ғана құбылыс емес, мемлекет дамуының берік капиталы екенін түсіну керек. Тек тарих сабақтары мен үлкендердің әңгімелерінен ғана біз тәуелсіз Қазақстанның қалай құрылғанын, посткеңестік кеңістіктегі басқа елдердің қандай қиындықтарға тап болғанын білеміз. Деректер келісімнің болмауы қантөгіс пен қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Сондықтан Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің идеясы тереңде жатыр. Тұрақтылық пен бейбітшілік жаңа инвестициялар тартып, бизнес жүргізу, жаңа кәсіпорындар ашу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін мүмкіндіктер ашады, өйткені мұндай қоғамда ең бастысы - сенім бар, - дейді Жұмырбаев. 

Барлық жеңістің негізінде халықтың бірлігі жатыр – Жұмырбаев


 

Оның айтуынша, салқын санамен таразылағанда қазіргі Қазақстан көп нәрсені мақтан тұта алады.

Соңғы 30 жыл ішінде үлкен жолдан өттік: жаңа Астана салынды, халықаралық аренада бедел мен құрметке қол жеткізілді, серпінді дамып келе жатқан экономика құрылды. Осы жеңістердің негізінде халқымыздың бірлігі жатыр. Қазақстан ондаған этностардың үйіне айналды. Көбісі бұл жерге өз еріктерімен келген жоқ, бірақ мұнда үй тауып, өмірін Қазақстанмен мәңгі байланыстырды. Бұл адамдардың ұрпақтары үшін Тәуелсіз Қазақстаннан басқа Отан жоқ. Біз бірге жұмыс істейміз, оқимыз, дамимыз, отбасын құрамыз және тұлға ретінде қалыптасамыз. Бұл әр адамға берілмейтін бақыт. Бүгінде түрлі этностардың өкілдері біртұтас қоғамға ықпалдасқан, жастар мемлекеттік тілде еркін сөйлейді, біздің ортақ тарихымызды құрметтейді, - дейді «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы. 

Тимур Жұмырбаев қазір барлығы виртуалды әлемде өмір сүріп жатқанын айтты.

Кейде біз ксенофобиямен, дұшпандықпен және негативпен жолығамыз. Коронавирус инфекциясынан туындаған дағдарыста қазір жағдайы жақсы мемлекет табу қиын. Проблемалар бар, оларсыз даму болмайды. Шындықты өтіріктен ажырата білу үшін жастардың қолында ресурс болуы керек. Қазақстанда талантты жастар көп, бәріміз бір нәрсені қалаймыз - біздің үйімізде, отбасымызда және елімізде тыныштықтың мәңгі орнауы. Сондықтан біздің ата-бабаларымыз мұра еткен бірлікті бағалау жастар үшін өте маңызды. Интернеттен Қазақстаннан баяғыда кетіп қалған адамдар біздің елімізді және халқымызды шын жүректен еске алатын оқиғаларды көреміз, оқимыз. Қазақстандықтар – бейбіт адамдардың ұлты. Сондықтан біздің достық пен бейбітшілікті көздің қарашығындай қорғауымыз керек, - деді «Adaldyq alany» жобасының жетекшісі. 

Оның айтуынша, Қазақстан халықаралық аренада бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі болып табылады.

Біз өзге елдерге Қазақстан астанасының алаңында Сирия бойынша барлық мүдделі тараптың келіссөздері кезіндегідей жоғалған бірлікті табуға көмектесеміз. Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшіл бастамаларын бүкіл әлем біледі. Бұл-Семей ядролық полигонының жабылуы, АӨСШК құрылуы және еуразиялық интеграцияның дамуына қосқан үлесі, - дейді ол. 

Жұмырбаев 28 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында бірліктің қаншалықты құнды және нәзік екені туралы кезекті рет айтылғанын жеткізді.

Сондықтан бұл нәрселерге Біз Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерінің призмасы арқылы қарауымыз маңызды. Біз мақтан тұтатын нәрсе бар, оны жоққа шығаруға болмайды. Сессия шынымен тарихи болды. Елбасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚХА-ны басқару құқығын берді. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін жасаушы және сәулетші ретінде бізбен бірге ҚХА құрметті төрағасы болып қала береді, - деді Тимур Жұмырбаев. 

Сондай-ақ Тимур Жұмырбаев келе жатқан Бірлік күні мен өзінің бақыты туралы сөз қозғады.

Барлық жеңістің негізінде халықтың бірлігі жатыр – Жұмырбаев


 

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жақындап келеді. Мыңжылдықтар тоғысында дүниеге келген адам ретінде бұл күннің маңыздылығын түсінемін. Мен өзімді «бақытты адам» деп атай аламын, өйткені мен бейбіт елде тұрамын, сапалы білім ала аламын, әлемді аралай аламын, сүйікті ісіммен айналыса аламын, - деп түйіндеді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы