АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желісінде 4 наурызда маңызды мәлімдеме жасайтынын жазды,деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ертеңгі кеш (авт. 4 наурыз) маңызды болады. Мен барлығын ашық айтамын. Путиннің Ресейіне Украинаның бірде-бір жерін бермеген жалғыз президент — ол Дональд Трамп. Әлсіз әрі тиімсіз демократтар сын айтып, фейк жариялаушылар олардың әр сөзін қуана жариялап жатқанда осыны ұмытпаңыздар - деді АҚШ президенті.
Айта кетейік, өткен жұмада Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп, оның вице-президенті Джей Ди Вэнс және Зеленский арасында кездесу өтті. Кездесу соңы ашық сөзталасқа ұласып кетті.
Fox News мәліметінше, АҚШ президенті ашуланып, Киев басшылығын «бөлмеден шығарып жіберді», себебі кездесуде ол «құрметсіздік танытты».