Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауға 832 партиялық тізім тіркелді. Бұл туралы ОСК отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты.
Партиялық тізімдерді тіркеу 2020 жылғы 10 желтоқсанда сағат 18:00-де аяқталды. Барлығы 832 партиялық тізім тіркелді. Оның ішінде Nur Otan партиясы – 216, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 158, ADAL саяси партиясы - 215, «Ақ жол» қазақстандық демократиялық партиясы -174, «Қазақстан халық партиясы» - 69. 8 тізім тіркелген жоқ, - деді ол.
Дауылбаев атап өткендей, 8 тізім сайлау жарнасын енгізу туралы құжаттарды ұсынбауына қатысты тіркелмеді.
«Қазақстан халық партиясының» 5 тізімі, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының 1 тізімі, «Ақ жол» қазақстандық демократиялық партиясының 1 тізімі, ADAL саяси партиясының 1 тізімі тіркелмеді. 68 кандидат тіркелмеді немесе тіркеудің күші жойылды, - деді Дауылбаев.
Ол атағандай, партиялық тізімдерді тіркеу туралы мәліметтер саяси партиялар ұсынған кандидаттар мен олардың жұбайлары декларацияға кірістер мен мүлкі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру үшін өкілетті мемлекеттік органға жіберілді.