"Бәрін қойып берді": Тіркелмеген не өлексесі табылмаған мал шығыны да өтеледі

30 Сәуір 2024, 20:36
555
Бөлісу:
"Бәрін қойып берді": Тіркелмеген не өлексесі табылмаған мал шығыны да өтеледі
Фото: Арман Мухатов - архив

Қарағанды облысында қырылған малдың өтемақысы толығымен төленген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атырау және Ақмола облыстарында өтініштер әлі де қабылданып жатыр.

Әкімдік 2-3 күнде орнына қойып берді. Барлық малым түгел. 3-4 тараптан бірнеше бағалаушы келді. Соның барлығы шығынымызды қолма-қол, бір жұманың ішінде ақшалай өндіріп берді, малдай. Бәрін қойып берді, - деді Қарағанды облысы Ақсу ауылының тұрғыны Серік Қашкенбаев.

Өтемақы мөлшерін малдың базардағы құнына қарай есептейді. Қаражат қазынадан да, бюджеттен тыс көздерден де тартылады.

Ол үшін мал иесі жергілікті әкімдіктер құрған комиссияларға өтініш беруі тиіс. Ресми тіркелмеген не өлексесі табылмаған түлікке де өтемақы төленеді. Ол үшін өтініш жазарда малдың болғанын растайтын 3 куәгерді ұсынуы қажет, - деп ақпарат берілді телемарафонда.

Айта кетейік, тасқынның салдарынан еліміз бойынша 8 200-ден астам мал қырылды. Олардың 70 пайызы қой мен ешкі. Тасқыннан зардап шеккендерге Ауыл шаруашылығы министрлігі құрған жедел желіге хабарласып, шығынға қатысты сауалдарға жауап алуға болады: +7 (7172) 57 33 58

Өзгелердің жаңалығы