Baqytty Bala 2022 байқауының жеңімпаздары анықталды

14 Тамыз 2022, 14:55
1358
Бөлісу:
Baqytty Bala 2022 байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше Baqytty Bala 2022 IV балалар вокалдық байқауы аяқталды. Ақтөбенің талантты вокалисі Жанерке Әбдірахманова мен ресейлік Ульяна Зарва  фестиваль жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде Baqytty Bala 2022 балалар вокалдық байқауының аяқталуына орай салтанатты Гала-концерт өтті. Қаланың басты сахнасы – «Өнер орталығы» концерт залында көптен күткен байқау нәтижелері жарияланды.
Конкурс дипломанттары:
1. Асылайым Болатқызы, Қарағанды,
2. Әмина Жапар, Нұр-Сұлтан,
3. Ясмин Аюпова, Қостанай Облысы,
4. Камиля Сағымбай, Қаскелең,
5. Сесил Алпер Сабри, Болгария,
6. Кристина Мария Пантеа, Румыния,
7. Давид Чарлин, Алматы.

III орын және 250 мың теңге жүлде иегерлері:

1. Аяулым Сабыр, Ақтөбе,
2. Юлия Макс, Алматы,
3. Елен Бадалян, Армения,
4. Ялки Сака, Түркия.

Құрметті II орын және 500 мың теңге жүлдеге иегерлері:

1. Милан Пак, Өзбекстан,
2. Мелани Гарсье, Испания.

I-орын мен 700 мың теңге жүлде Ақтөбе (Қазақстан) вокалисті Жанерке Әбдірахманова мен Барнаулдан (Ресей) Ульяна Зарваға бұйырды.

Сондай-ақ, байқау қатысушылары дәстүр бойынша арнайы сыйлықтарға ие болды.

“Көрермен көзайымы” жүлдесін шымкенттік вокалист Сағын Өмірбайұлы алды. (100к теңге).

Мәдениет қайраткері Қанат Айтбаевтың «Дәстүрге адалдық» арнайы жүлдесі мен 200 мың теңгені Қаскеленнен келген Шерхан Арыстан жеңіп алды.

Baqytty Bala 2022 байқауының жеңімпаздары анықталды

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаеваның «Өнер қарлығашы» сыйлығымен Шымкенттік Еңлік Байзақ марапатталды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рухия Байдукенованың 100 мың теңгелік арнайы “Үміт” жүлдесі Данияр Дүйсенбековке бұйырды.

«Хабар» агенттігінің музыкалық продюсері Жан Мұқановтың «Артистік шеберлік”арнайы жүлдесі мен 200 000 теңге польшалық вокалист Юлианна Китоваға бұйырды.

Дәстүр бойынша Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйерлері де арнайы сыйлық дайындаған. Нұр-Сұлтан қаласының қатысушысы Ақжарқын Айдосова Dears атынан 170 мың теңге алды.

Сондай-ақ, Гала-концертте кештің басты интригасы 2022 жылғы мерейтойлық балалар Евровидениесінде Қазақстанның атынан кім өнер көрсететіні анықталды. Байқау қорытындысы бойынша біздің елдің намысын алматылық жас вокалист Давид Чарлин қорғайды.
 

Өзгелердің жаңалығы