Бақшасын есірткі алқабына айналдырған Алтай тұрғыны анықталды

19 Шілде 2022, 17:08
1149
Бөлісу:
Бақшасын есірткі алқабына айналдырған Алтай тұрғыны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай тұрғыны өз бақшасын есірткі алқабына айналдырды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Маусым айының соңында Серебрянск қаласында есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. 

Тінту барысында ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша қарасора өсімдігінің 74 бұтасы, өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакеті, сондай-ақ ерекше иісі бар заттың бір шайындысы табылып, тәркіленді. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, бұталар – каннабис өсімдігі, жалпы салмағы шамамен 540 грамм болатын есірткі заттарына жатады. Сондай-ақ тәркіленген пакетте 146 грамнан астам кептірілген марихуана бар екені анықталды. 

Ер адам өз бақшасында қарасора өсіріп, бір қап марихуананы кір жуғыш машинаға жасырып қойған.

Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300 – бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы