BAQ.KZ қызметкері "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды

28 Маусым 2024, 11:54
1045
Бөлісу:
BAQ.KZ қызметкері "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды

BAQ.KZ ақпарат порталының аға шығарушы редакторы Самал Алманова «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистика саласында еңбек етіп жүрген БАҚ өкілдерін марапаттады. 

Оның ішінде BAQ.KZ ақпарат порталының аға шығарушы редакторы Самал Алманова «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

BAQ.KZ қызметкері "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды

Самал Көшербекқызы Т. Жүргенов атындағы Театр және Кино институтының редактор-кинотанушы мамандығында оқыған.

 BAQ.KZ ақпарат агенттігінде 2017 жылдан бастап еңбек етіп келеді. 

Еңбек жолын 1997 жылы "Сәлем Казақстан" таңғы бағдарламасының редакторы ретінде бастаған.

Бұған дейін «КТК» телеарнасында, «Оқушылар сарайы» МКҚМ медиаорталық жетекшісі болған.

Жалпы еңбек өтілі 30 жылға жуықтаған.

Сонымен қоса Qazcontent АҚ-ға қарасты el.kz ақпарат порталының бас редакторының орынбасары Рүстем Омаров "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісмен марапатталды.

Еске салсақ, биылғы жыл BAQ.KZ редакциясы үшін жемісті болды.

Кеше BAQ.KZ редакциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысын алды.

Сонымен қатар BAQ.KZ тілшісі Гүлжан Раманқұлова "Парламент сөзі" сыйлығын иеленді.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!

Өзгелердің жаңалығы