Қазақстанның соңғы жаңалықтары

БАҚ: Зеленский Түркиядан бассауға сұрауы мүмкін

26 Ақпан 2025, 00:17
2018
Бөлісу:
 Wolfgang Rattay/Reuters
Фото: Wolfgang Rattay/Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада Түркиядан бассауға сұрауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Түркияның Akşam газеті жазды.

Зеленский мұндай қадамға Батыстан әскери көмек болмағандықтан және Украина төңкеріс болу қаупі себепті барады-мыс, - деп жазды түркиялық басылым.

Еске салайық, бұған дейін Зеленский егер әлем оған Украинаға бейбітшілік күн болатынына және Солтүстік атлантикалық одаққа мүшелікке кепілдік берсе, тақтан бас тартуға дайын екендігін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ Украина көшбасшысы  Владимир Зеленский елде қашан президент сайлауы болатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы