БАҚ-тың «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысының сапалы дамуына өз үлесін қосатынына сенімдімін – Хуан Куньмин

9 Тамыз 2022, 09:47
1644
Бөлісу:
БАҚ-тың «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысының сапалы дамуына өз үлесін қосатынына сенімдімін –  Хуан Куньмин
Фото: автордан

Қытайдың Сиань қаласында «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастығы форумы өтіп жатыр. Форумда Саяси бюро мүшесі, Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) Орталық Комитетінің жариялау бөлімінің меңгерушісі Хуан Куньмин «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы жұмысының сапалы дамуына БАҚ өкілдері өз үлесін қосатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бір белдеу, бір жол» бәрлескен құрылысы - өте маңызды бастама. Сондай-ақ бұл жоба бойынша ынтымақтастық уақыт өткен сайын нығайып келеді. Бұл - экономикалық ынтымақтастық платформасы. 9 жыл бойы байланыс, жерүсті, теңіз, әуе және желі транспорты инфрақұрылымын біріктіру жұмысы жетілдіріліп жатыр, - деді Хуан Куньмин.

Оның мәліметінше, Қытай осы бағытта 150-ге жуық елмен және 32 халықаралық ұйыммен 200-дей құжатқа қол қойған.

9 жыл ішінде бірлескен құрылыс жұмысымен айналысып жатқан ел халықтары мәдени салада бір-біріне жақын бола түсті. «Бір белдеу, бір жол» бірлескен жобасы аясында театр, музей, өнер, кітапхана, сурет галереясының жұмыстары жанданып жатыр. Коронавирус індеті таралған жаһандық жағдайда біз бір-бірімізге қол көрсетіп, қиындықтарды бірге еңсеріп жатырмыз. Сонымен бірге жаһандық эпидемияға қарсы ынтымақтастық орнатып, экономиканы қалпына келтіруге маңызды үлес қостық, - деп толықтырды Хуан Куньмин форумда.

Ол өз сөзінде БАҚ жұмысы өте маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ БАҚ қызметкерлері «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы жұмысының сапалы дамуына өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.

«Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысының тарихын тарату – бұл бірігу мен ынтымақтастықтың, жеңіске жетудің бейбіт жолы. Сондай-ақ ол - өзара қарым-қатынасқа және тауар ағыны мен мәдени алмасуға сенім құруға негізделген ашықтықтың жолы. Осы мақсатта БАҚ инфрақұрылымның бірігуі, үздіксіз сауда жүргізу, халықтардың өзара байланысы және әлемдік экономиканы бірге құруда белсенді жұмыс істейді деп үміттенемін, - дейді ол.

Сонымен бірге Кунминг шетелдік БАҚ өкілдерінің әртүрлі елдердің экологиялық дамуының тәжірибесі туралы ақпарат көбірек таратып, жасыл экономика жайында ақпарат алмасатынына сенім білдірді. Одан бөлек, БАҚ-тың ғылым мен технологияның дамуына да баса назар аударатынын айтты.

Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия, Әзербайжан, Беларусь Республикасы, Латын Америкасы елдері, Оңтүстік Корея, Мысыр және басқа да елдер қатысып жатыр

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында екі ел әртүрлі салада серіктестік орнатып үлгерді.

Өзгелердің жаңалығы