Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде әйел теңсіздігі мәселесі өткен ғасырдан бері қозғалып келеді. Бірақ әлі күнге дейін әйел құқықтары сақталмай, тапталып, кемсітушілікке ұшырап жатқанын көреміз.
Бұл мәселелер неден туындап отыр? Әйел адамдарға қатысты айтылған жағымсыз мәтелдер қайдан шыққан? Сондай-ақ олардың қазіргі қоғамдағы орны қандай? Отбасындағы ер адамның жауапкершілігіне нелер кіреді? Адамдардың қандай құқықтары жиі тапталады? Осы және өзге сұрақтарға BAQ-talk еркін ой бағдарламызда қоғам белсендісі, журналист Айша Құрманғали жауап берді.