БАҚ өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етіледі - министр

13 Қыркүйек 2023, 11:31
1203
Бөлісу:
БАҚ өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етіледі - министр

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет отырысын аралас форматта (баяндамашылар – оффлайн, басқалары – онлайн) өткізу тәртібіне қатысты аз-кем ақапарат бере кеткіміз келеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ өкілдері мен министрлер кабинетінің барлық ведомстволары арасындағы өзара іс-қимыл жұмысын үйлестіруге және көмектесуге дайын.

Сондай-ақ, министрлер ай сайын саланың өзекті мәселелері бойынша журналистерге арналған брифинг өткізетінін атап өткім келеді. Бұл процедура барлық БАҚ өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ететініне сенімдімін, - деп жазды Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы