БАҚ өкілдерімен медианы дамыту мәселелері талқыланды

3 Сәуір 2022, 11:43
1651
Бөлісу:
БАҚ өкілдерімен медианы дамыту мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров "Рухани жаңғыру" Қазақстандық қоғамдық даму институты" алаңында Қазақстанның Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Гибридті форматта өткен шараға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты. Министр өз сөзінде министрліктің алдында Қ.К.Тоқаевтың 16 наурыздағы Жолдауында айтылған бірқатар нақты міндеттер тұрғанын атап өтті. 

Мәселен, салалық заңнаманы жетілдіру, отандық медиа кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін және мемлекеттік ақпараттық саясатты арттыру, сондай-ақ күн тәртібіндегі басқа да өзекті сұрақтар. Шараға қатысушылар БАҚ-ты дамытудың өзекті мәселелерінің барлық спектрі бойынша Министрліктің барлық бастамаларын талқылауға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді. 

Қатысушылардың пікірінше, Министрліктің ақпараттық жұмыстағы тәсілдерін жетілдіру еліміздің медиакеңістігін одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін болады.

Өзгелердің жаңалығы