Банкрот деп танылған азаматтардың 54 млрд теңгеге жуық қарызы кешірілді

5 Қараша 2024, 11:58
2328
Бөлісу:
Банкрот деп танылған азаматтардың 54 млрд теңгеге жуық қарызы кешірілді
Фото: pixabay.com

Елімізде 17,8 мың адам банкрот деп танылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда соттың банкроттық рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін қолдануға 3,5 мыңнан астам азамат жүгінген. 131 борышкерге қатысты банкрот рәсімі жүргізіліп жатыр. Банкроттыққа өтініш берген 45 адам банкрот деп танылып, олар бойынша 13,9 млрд теңгеге жуық қарыз кешірілді. 1 азамат 10 млн теңге сомасымен төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуде, 1 азамат бойынша 10 млн теңге сомасымен осы рәсім аяқталды, - деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте. 

Ахметовтың дерегінше, жалпы екі банкроттық рәсім бойынша 17,8 мың адам банкрот деп танылып, 54,5 млрд теңгеге жуық қарыздары кешірілді.

Өзгелердің жаңалығы