«Банкрот» атануыңызға көмектесемін. Біржанов халықты алданбауға шақырды

30 Қаңтар 2023, 14:02
1501
Бөлісу:
«Банкрот» атануыңызға көмектесемін. Біржанов халықты алданбауға шақырды

«Банкрот» деп тану рәсімдері қызметі тегін түрде жүргізіледі. Сол себепті қазақстандықтарды жалған хабарламаларға сенбеуге шақырамыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтып берді.

Банкроттық туралы мәліметтер ресми көздерден ғана алынуы керек. Мысалы, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, - деді ол.

Айтуынша, әлеуметтік желілерді ақша жасау үшін жалған хабарламалар тарап жатыр.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде өзінің қызметін ұсынып жатқандар туралы ақпарат тарап жатыр. Олар ақылы қызмет көрсету арқылы азаматтарға өзінің уәдесін беріп, «банкрот» ретінде тануға көмектесемін» деген хабарландыру жазып жатыр, - деп түсіндірді вице-министр.

Ержан Біржанов қазақстандықтарды ондай хабарландыруларға сенбеуге шақырды.

Ол – алаяқтық әрекет. Барлық рәсім тегін өткізіледі. Сонымен қатар сот процедурасын өткізу кезінде егер отбасы әлеуметтік жағынан қиын жағдайда болса, онда рәсімнің қызметін мемлекет мойнына алады. Ол қаражат бюджетте көзделген, - деп түсіндірді вице-министр ОКҚ-да.

Өзгелердің жаңалығы